Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

wallpaper.feodosia.net
wallpaper.feodosia.net
ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жаңбыр мен қар жауады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Қазгидромет» 17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 17 қарашада солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар Қазақстан аумағына әсер етуін жалғастыруда. Осыған байланысты бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады. 

ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жаңбыр мен қар жауады. 

Атырау облысында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. 

Түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болады. 

Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да жоғары болады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батыс бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. 

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 мтер жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 23-28 м/с болады, кейде 30 м/с және одан да күшті болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да күшті болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында – түнде және таңертең тұман, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с болады. 

Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 

Қызылорда облысының орталығында және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдыпен соғады. 

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. 

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында көктайғақ болады. 

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Новости партнеров