3 мамырға арналған ауа райы болжамы

03.05.2022 14:05

Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы 3 мамыр күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 3 мамырда атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады, елдің таулы аудандарында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады. 

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с жылдамдықпен есіп, екпіні 25 м/с болады. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, облыстың батысында – желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қостанай облысының шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.