Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 23 ақпан күні Алматы уақытымен 6 сағат 37 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 км қашықтықта Тәжікстан аумағында тіркелген. Энергетикалық класы – 16.0. Магнитудасы – 7.0 MPV. Бағыты ошағынан 37.52° с.е. 73.48° ш.б. жатыр, тереңдігі – 20 км. Алматы мен Шымкент қалаларында 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді», – делінген хабарламада.