Таулы аудандарға 22 см-ге дейін, тау бөктеріне 12-17 см, қалаға 7-9 см қар түсті
Алматы көшелерінде көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық қызмет өкілдері 2400 тонна құм мен тұз қоспасын сеуіп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты басқармасының мәліметінше, қалада 17 қараша күні сағат 14.40-та басталған қар, 18 қараша күні сағат 03.00-де дейін жауған.
Таулы аудандарға 22 см-ге дейін, тау бөктеріне 12-17 см, қалаға 7-9 см қар түсті.
Қар жауа салысымен 191 құмшашқыштың күшімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себілуде.
2 400 тонна көктайғаққа қарсы материалдар пайдаланылды.
Қарды сыпыру, тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қаланың жоғарғы бөлігінде полицияның патрульдік машиналарының еріп жүруімен қар күреу колонналары ұйымдастырылған. Сағат 21.00-ден бастап, 297 текше метр қар шығарылды.
Түнгі уақытта 491 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 183 құмшашқыш және 423 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
18 қараша күні таңертең 554 арнайы техника бірлігі мен 1500-ге жуық жол жұмысшысын шығару жоспарланған.
Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар тазалау жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша ертең 19 қарашада аздаған жауын-шашын сақталады. Ауа температурасы күндіз 18 қараша – 0, минус 2.