Ауғанстанда жер сілкінді

12.03.2023 14:26

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ

inform.kz

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісі Алматы уақытымен 12 наурызда түнгі сағат 00:25-те тіркелді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 903 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV тербелісі – 5,1. Тереңдігі – 15 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.