Елімізде 18 қарашада ауа сапасы қандай болады

18.11.2020 14:35

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 18 қарашада еліміздің қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, 18 қарашада Қазақстанның көптеген қалаларында метеожағдай қалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.