300-ге жуық адам зардап шекті
Чехияда торнадо салдарынан 7 ауыл мен бір қала қирады, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Чехияның оңтүстік-шығысында Словакия мен Австрияның шекарасына жақын жерде боған қатты құйыннан 300-ге жуық адам зардап шекті. Ал 120 мыңдай отбасы электр қуатынсыз қалып отыр. Оқиға орнында тек Чехиядан ғана емес, Австрия мен Словакиядан да келген дәрігерлер мен өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Қазір құтқарушылар сол маңдағы тұрғындарды эвакуациялап, үйінділер астынан адамдарды іздестіріп жатыр. Елдің бұл бөлігінде төтенше жағдай жарияланды.