Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы болады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында қар жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болып, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын соғады.

Түркістан, Жетісу облыстарының таулы аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Батыстан жел соғады, түнде жылдамдығы солтүстік-батыстан 2-7, күндіз секундына 7-12 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -10-12, күндіз -6-8 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашын жауады, кей уақытта қатты (негізінен жаңбыр) жауып, тұман түседі. Жел жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -24, күндіз +6+8 градус болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -3-5, күндіз +10+12 градус болады.

Новости партнеров