Солтүстік Қазақстан облысын қар басып қалды

19.11.2023 15:04

Бір тәулікте 22,6 миллиметр қар жауды

Сурет: elements.envato.com

Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте 22,6 миллиметр қар жауды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ке сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 18 қараша күні Петропавлдағы метеостанция 24 миллиметр жауын-шашынды тіркеген. Ал қараша айының басынан бастап 32,8 миллиметр жауған, мұндағы орташа көпжылдық мән – 30 миллиметр.

Бүгін Есіл ауданының Явленка ауылында 19,4 миллиметр, ал Ясновка ауылында – 45,4 миллиметр жауын-шашын түскен. Шал ақын ауданындағы Сергеевкада – 31,7 миллиметр жауған, мұнда орташа көп жылдық мән 26 миллиметр болып тіркелген.

Бүгін қардың ең аз мөлшері Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында жауған – 5,6 миллиметр, Ғ.Мүсірепов ауданының Андреевка ауылында және Ақжар ауданының Қызылтүс ауылында – 5,8 миллиметр тіркелген.

Облыста ертең 19 қарашаға дауыл туралы ескерту жарияланған. Онда қарлы боран, күндіз солтүстік-батыстан жел, түнде солтүстік желі 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз: Алматыда 20-26 қараша аралығында ауа райы қандай болады