Алматыдан 443 шақырым жерде жер сілкінді

sputnik-ossetia.ru
sputnik-ossetia.ru
Магнитудасы - 4,8
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 1 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 09:21-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2. MPV магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 15 шақырым", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Жас жігіт көліктің терезесінен ұшты: Алматы маңында жантүршігерлік жол апаты болды

Новости партнеров