Тұман түсіп, шаңды дауыл соғады: 6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

06.11.2021 15:11

Солтүстік, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі

ult.kz

«Қазгидромет» 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Антициклон Қазақстан территориясында жылжи отырып жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. 

Тек қиыр солтүстік аудандарда ғана циклон ықпалымен жаңбар мен қар жауады. Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. 

Солтүстік, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста тұман түседі. 

Түркістан облысының оңтүстігі мен тау бөктерінде тұман түседі, солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының оңтүстік-шығысы мен таулы аудандарында - тұман, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында - 23 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады. 

Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл маңайында желдің қарқыны 17-22 м/с жетеді. 

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с. 

Өңірдің орталығында шаңды дауыл тұрады. Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-батысында сағатына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең солтүстік-батысында тұман күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде жел екпіні - 15-20 м/с, солтүстік-шығысында түнде жаяу бұрқасын көтеріліп, тұман түседі.