Алматыдан 44 шақырым қашықтықта жер сілкінді

15.05.2019 15:27

Sputnik

Алматы облысында жер сілкінді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«15 мамырда сағат түнгі 4.29-да сейсмостанция Алматыдан оңтүстікке қарай 44 шақырым қашықтықта, Талғар ауданына қарайтын таулы жерде жер сілкінісін тіркелді», - делінген хабарламада

Энергетикалық класы – 9,2. MPV магнитудасы 4,5. Тереңдігі 10 шақырым. Қираған ғимараттар мен қаза болған адамдар туралы ақпарат түскен жоқ.