Найзағай, бұршақ, жел: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы

26.08.2023 15:41

Бірқатар өңірде өрт қаупі сақталады

egemen.kz

Синоптиктер 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Ұлытау облысы

26 тамызда күндіз Ұлытау облысының батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы

26 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. 26 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы

26 тамызда Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысы

26 тамызда Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда Жетісу облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Талдықорған қ: 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы

26 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 26 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қызылорда қ.: 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

26 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Ақмола облысы

26 тамызда Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Көкшетау қ.: 26 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысы

26 тамызда Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. 

Семей қ: 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы

26 тамызда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

26 тамызда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Орал қ.: 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысы

26 тамызда Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Алматы қ.: 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қонаев қ.: 26 тамызда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

26 тамызда күннің соңында Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. 26 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Шымкент қ.: 26 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қ.: 26 тамызда күннің соңында найзағай күтіледі. Күндіз кей уақытта шаңды дауыл. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

26 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысы

26 тамызда күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 26 тамызда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: 26 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 күтіледі. 26 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы

26 тамызда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 26 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.