Температуралық фонның рекорд көрсеткіштері ақпанның үшінші онкүндігінің басында байқалды
Қазақстанда 83 жыл бұрынғы рекорд жаңарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер биылғы ақпандағы ауа райы мәліметтін ұсынды. Осы айда еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-3 градусқа жоғары болған. Температуралық фонның рекорд көрсеткіштері ақпанның үшінші онкүндігінің басында байқалды.
Мәселен, Қарағанды облысында Балқаш метеостанциясында термометр бағаналары +3,1 градусқа жетті. Осылайша, 1940 жылғы рекорд жаңарып, ауа температурасы максимум +2,8 градусқа дейін көтерілген.
Сондай-ақ, 1978 жылы тірелген үш рекорд жаңарған:
22 ақпанда Қостанай облысында Арқалық метеостанциясында ауаның ең жоғары температурасы +3,5 градус болған, осылайша бұрынғы рекорд +3 градусқа жаңарған;
сол күні Ақмола облысында Астана метеостанциясында ауа температурасы +4,8 градус болды (бұрын ол +2,7 градус болған);
23 ақпанда Павлодар облысында Павлодар метеостанциясында ауаның максимал температурасы +3,4 градус (бұрын +3 градус) болды.
Шығыс Қазақстан облысында Өскемен метеорологиялық станциясында 22 ақпанда +6,5 градусты көрсетіп, 1991 жылғы рекорд (+4,5 градус) жаңарған.
Осы күні Ұлытау облысында Жезқазған метеостанциясында ауа температурасы +4,3 градусқа дейін жылынып, 1999 жылғы рекорд жаңарған (+2,7 градус).
Бұл күні тағы бір рекорд Абай ауданында Семей метеорологиялық станциясында тіркелген: мұнда +5,3 градус байқалып, 1999 жылғы рекорд (+3,3 градус) жаңарған.
20 ақпанда Маңғыстау облысында, Ақтау метеостанциясында ауа температурасының +12 градус Цельсий деңгейі тіркеліп, 2002 жылғы рекордты (+11,1 градус) жаңартты.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 13-19 наурыз аралығындағы ауа райы болжамы