Алдағы екі тәулік бойы ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде
Алдағы екі тәулік бойы Алматы қаласында қалың қар жауып, ауа температурасы түнде 18, күндіз 15 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде. Синоптиктердің болжамы бойынша одан кейінгі күндері 25 градусқа дейінгі қатты аяз болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс жасауда, өндірістік базаларда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Көктайғақтың пайда болуына байланысты жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, көлік арасындағы арқашықтықты ұлғайтуға кеңес береміз. Ал жаяу жүргіншілерді тротуармен жүргенде абай болуларын сұраймыз. Жұмысқа кешігудің алдын алу үшін үйіңізден ертерек әрі жылы киініп шығуға кеңес беріледі. Құрметті қала тұрғындары! Жол жүргенде абай болып, өміріңізге қауіп төндірмеңіздер", - делінген хабарламада.