Жаңбыр, бұршақ, тұман: 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

proprikol.ru
proprikol.ru
Бірқатар өңірде жел соғады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады. Синоптиктер жаңбыр жауады деп болжап отыр.

Елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тек республиканың шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша қатты жаңбыр жауады деп болжанды.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстан Республикасының шығысында, орталығында тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз екпіні 17-22 м/с болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +20+22°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +29+31°С.

Новости партнеров