Қазақстанның 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

11.11.2020 16:16

Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

11 қарашада Ақмола облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 

Желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді. 

11 қарашада Ақтөбе облысында тұман түседі, көктайғақ. 

11 қарашада Шығыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге, күндіз 23 метрге жетеді. 

11-13 қарашада Жамбыл облысында тұман түседі, көктайғақ. Оңтүстік шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 23-28 метрге жетеді. 

11 қарашада Батыс Қазақстан облысында қар жауады, тұман, көктайғақ. Солтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. 

11 қарашада Қарағанды облысында жаңбыр, тұман, көктайғақ, бұрқасын. Кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20, 25 метрге жетеді. 

11 қарашада Қостанай облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын. Батыстан, солтүстік батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. 

11 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. 

11 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метр. 

11-12 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.