Жекелеген өңірлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын болады
3 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр, қар түрінде жауын-шашын жауады. Жекелеген өңірлерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте найзағай күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 23 м/с артады.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басып, күндіз жел 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады. Күндіз найзағай болжанады.
Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.