"Қазгидромет" өкілдері ақпанда жылымық орнаса болды, таулы аймақтарда жағдай қиындайды деп отыр
Еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпанда қар емес, жаңбырдың мол жаууына байланысты еліміздің оңтүстігі мен шығысында су тасқыны болуы мүмкін.
"Қазгидромет" өкілдері ақпанда жылымық орнаса болды, таулы аймақтарда жағдай қиындайды деп отыр. Толассыз жауған жаңбыр тау басында жиналған қарды ерітіп, көршілес елдімекендерге қауіп төндіруі мүмкін.
Синоптиктер алапат судың астында қалмауымыз үшін бассейндерге су қорын жинап жатқанын айтады. Дегенмен ауа температурасы көтеріліп, онымен қоса жаңбыр тоқтамаған күндері таулы аймаққа барудан сақ болу керек.
Оқи отырыңыз: Президент мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды