Қар аралас жаңбыр, аяз: Алдағы үш күнге арналған ауа райы

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Таулы аймақтарда күндізгі жаңбыр түнде көктайғаққа айналуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазгидромет 12-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн суытып, еліміздің басым бөлігінде жауын жауады.

Солтүстік-батыс суық антициклон Қазақстанның солтүстік жартысына әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күндізгі жаңбыр түнде көктайғаққа айналуы мүмкін.

"14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Кейбір өңірлерде жел күшейеді. Түнде солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда аяз болады", - делінген хабарламада.

Новости партнеров