Демалыс күндері ел аумағында қандай ауа райы болады

27.11.2020 17:13

Көктайғақ болып, боран соғады

Фото: ашық дереккөзден

28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады. Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді. Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.