Екінші наурыз Қазақстанның басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады

01.03.2021 17:17

Көктайғақ болып, жел күшейеді

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 2-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорын тартқан болжамға қарағанда, көктем мезгілінің басталғанынан қарамастан елдің басым бөлігінде әлі де қар, жауын жауады.

Атлант мұхитынан шыққан антициклон Қазақстан аумағына қарай ойысады. Батыстан соққан желдің ықпалымен Қазақстанға жылы, ылғалды ауа келеді. Елдің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады. 

Сондай-ақ көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғады.