Ауа райының қолайсыздығына байланысты 8 өңірде ескерту жарияланды

03.05.2021 17:23

5 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 4-5 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал

wallbox.ru

«Қазгидромет» РМК 3 мамырда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қостанай облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 артады. 

Түркістан облысында кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады, жекелеген аумақтарда жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында кей жерлерде найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 

Түнде Павлодар облысында кей жерлерде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші жекелеген аумақтарда 23-28 м/с жетеді. 

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Түнде кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады. 

Түнде 3 мамырда, күндіз 5 мамырда Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 4-5 мамырда желдің екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.