Оңтүстік, Орталық, Шығыс және Солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды
Алдағы күндері солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде еліміз аумағы арқылы жылжитын суық атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын жауып, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Фронттардың орнына антициклон келіп, республиканың оңтүстік, содан кейін орталық, шығыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын тоқтайды, алайда тұман мен көктайғақ сақталады деп болжануда. Биіктегі ауа массаларының ағымы батыс бағытынан болғандықтан, ауа температурасы біраз төмендейді. Соған қарамастан, ауа райы орташа көпжылдық мәннен жоғары күйінде қалады.