Оған ауа райының нашарлауы себеп болған
Қарлы боран салдарынан үш облыста жол учаскелері жабылды. Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін және Теміртаудан Қарағандыға дейінгі жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
QazAvtoJol баспасөз қызметінің мәлімтінше, Астанадан екі облыс арқылы өтетін бір тасжолдың екі бөлігі жабылған:
- Астана - Ерейментау - Шідерті 16-200 шақырым, Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейінгі учаске;
- Астана - Ерейментау - Шідерті 200-254 шақырым, Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейінгі учаске.
Сонымен қатар, сағат 13:30-да ауа райының нашарлауына, боранға, көрінудің шектелуіне байланысты Қарағанды және Павлодар облыстарында көліктің барлық түрі үшін келесі учаскелерде қозғалысқа шектеу енгізілді:
- Қызылорда - Павлодар 967-1135 шақырым, Молодежный ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін;
- Екатеринбург - Алматы шақырымдары 1446-1457, Теміртаудан Қарағандыға дейін;
- Қызылорда - Павлодар 1135-1206 шақырымдар, Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін.