Алматыдағы аяз: 54 жылдық рекорд жаңарды

13.01.2023 20:43

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген

kaz.tengrinews.kz

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген.

"Минимум температура "Шымбұлақта" тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус. Сонымен қатар, "Мыңжылқы" метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды", - дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев.

Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.

Теги: рекорд