Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3
Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 14:46-да Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 125 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.3. Магнитудасы MPV 4.1. Эпицентрінің бағыты 42.14° с.е. 76.40° ш.б. Тереңдігі – 20 км. Жер сілкінісінің сезілуі бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) келіп түскен жоқ», - делінген хабарламада.
Осыған дейін Тайвань жағалауында 5,6 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.
Дереккөз: ҚазАқпарат.