Екі ауылда Жайық суы арнасынан асты

Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz
Индербор ауылының тұсында өзен суы шекті деңгейі 845 см болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екі облыстың ауылдарында су деңгейі қауіпті деңгейден асты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аdyrna.kz-ке сілтеме жасап. 

Су ресурстары министрлігі Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі қойма 91%-ға толды. Қазір Жайық суы Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы сай-салаларды толтыруда. Жайық бойында Ақжайық ауданына қарасты 35 ауыл бар. Ауылдарды су басқаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

5 мамырдағы көрсеткіш бойынша Тайпақ ауылындағы гидробекет өзен деңгейінің 9 метрден асып кеткенін көрсеткен. Айта кетейік, су деңгейінің аса қауіпті деңгейі 850 метр деп есептелінген.

Ал Индербор ауылының тұсында өзен суы шекті деңгейі 845 см. Судың қазіргі деңгейі - 856 сантиметрге жетті.

Атырау облысындағы ТЖ жөніндегі жедел штаб ақпаратынша, Махамбет ауданында 22 эвакуациялық пункт дайындалған.

Оқи отырыңыз: Алматының коммуналдық қызметі қолайсыз ауа райына дайын отыр

Новости партнеров