Ауа температурасы +22-24 градусқа дейін төмендейді
Бүгін Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне өткен түнде жауған жауын мен күннің қатты ысуынан мұздықтардың еруі себеп болған. Ал алдағы күндері ауа-райы тағы да тосын мінез таны ма? Бұл сұрақтың жауабын Almaty.tv арнасына байланысқа шыққан «Қазгидромет» өкілі айтып бермек. Дәл қазір инженер-синоптик Жанар Серлібаева студиямен байланыста.
– Жанар Маратқызы, кеш жарық, Алматы қаласында алдағы күндері тағы да нөсер жаңбыр жаууы мүмкін бе?
– Кеш жарық! Алдағы үш тәулікте Алматыда жауын-шашы күтіледі. Әсіресе, 15 тамыз күні түнде нөсер жауын жауады. Бұдан бөлек, найзағай болып, желдің жылдамдығы 3-8 метр/секунд, ал найзағай кезінде 13 метр/секундке дейін жетуі мүмкін.
– Ал, ала жаздай болған аптап ыстықтың беті қашан қайтады?
– Осы жауын-шашын салдарынан ауа температурасы біртіндеп бәсеңдейді. Яғни, Алматы қаласында 15 тамызда күндізгі ауа температурасы +25-27 градус жылы болса, 16 тамызда күндіз ауа температурасы +23-25 ал 17 тамызда +22-24 градусқа дейін төмендейді.
– Жанар ханым, ақпаратыңызға рахмет.