18 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

18.01.2025 09:24

Республика бойынша жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, тұман және көктайғақ болады

MAKSIM ZAVIKTORIN/unsplash.com

«Қазгидромет» РМК-сы 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ел аумағында қар мен жаңбыр жаууына ықпал етеді. Солтүстік – батыс, солтүстік, орталық аймақтарда – қар жауып, елдің шығысында, оңтүстігінде нөсер жауын болады.

Республика бойынша жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады, тұман және көктайғақ болады.

Оқи отырыңыз: Алдағы күндері Қазақтанда күн суытып, 35 градусқа дейін аяз болады