Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істейді

24.10.2023 02:09

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында сағат 10:00-де жауған жаңбыр таңға дейін ұласады деп болжам жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Судың кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, ықтимал су басудың алдын алу және жою мақсатында 46 патрульдік бригада, 165 бірлік арнайы техника, 26 мотопомпа және 684 жұмысшысы жұмылдырылды. Су басуы мүмкін орындарды қоршау үшін шамамен 2 мың қап құм дайындалды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел кезекшінің ақпараты бойынша су тасқыны тіркелген жоқ.

Түнгі уақытта 114 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпа және 115 адам жұмыс істеуге шығады деп жоспарланған.

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Қазгидромет" РМК болжауынша, Алматы қаласында түнде тұман түсіп, 1-2 мм-ге дейін жауын-шашын болуы мүмкін. Желдің екпіні 2-7 м/с. Түнде ауа температурасы +4...+6 градус, ертең күндіз жауын-шашын жаумайды.

Оқи отырыңыз: Алматының кей аймағында суық су өшіріледі