Алматыда қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр

 Управление  развития коммунальной инфраструктуры
Управление развития коммунальной инфраструктуры
Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

26 қараша күні сағат 09:00-ден бастап Алматы қаласында қарға ауысатын жаңбыр түрінде жауын-шашын басталды, ол синоптиктердің болжамы бойынша түнде аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv

«Қазгидромет» РМК түнгі кезеңде ауа температурасының -12...-14°С дейін төмендеуіне байланысты түнде көктайғақ құбылыстарының алдын алу мақсатында 495 бірлік арнайы техника, оның ішінде 144 құм таратқыш және 393 жол жұмысшысы тартылатын болады.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша жолдардың жүріс бөлігіне152 тонна көктайғаққа қарсы материал себілген.

Тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті және жерасты өткелдерін тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

Аудандық әкімдіктер мен мердігер ұйымдарда жұмыстарды жүргізу бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

"Құрметті алматылықтар!

Қардың түсуіне және ауа температурасының төмендеуіне байланысты кешкі және түнгі кезеңде жолдар мен тротуарларда көктайғақ құбылыстары болжанады.

Жүргізушілерді апаттар қаупінің жоғарылауына байланысты жылдамдықты төмендетуге, автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтауға және кенет жасалатын маневрлерден аулақ болуға шақырамыз.

Жаяу жүргіншілерден тротуарларда жүргенде абай болуды, аса қажеттіліксіз үйден шықпауды сұраймыз", - деді қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының өкілдері.

Новости партнеров