Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

elements.envato.com
elements.envato.com

Кейбір өңірде тұман түсіп, үсік жүреді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, қар аралас жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.

Шымкентте солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) мол түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік болады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 17-22 м/с болады.

Новости партнеров