Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 127 арнайы техника мен 188 маман жұмылдырылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты жалпы білім беретін мектептердің мектепалды даярлық және 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне сілтеме жасап.
Сондай-ақ күн райының күрт бұзылуына байланысты сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 1 Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Маңғыстау облысы:
«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 332-718 шақырым аралығында (Бейнеу а. — Жетібай а.) жол жабылды», — деп жазды ҚазАвтоЖол.
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 127 арнайы техника мен 188 маман жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: 3 наурызға арналған ауа райы болжамы