Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жер асты дүмпулерін төтенше жағдайлар министрлігі ҰБТКМ сейсмикалық станциялар желісі 22 сәуірде сағат 06:30-да тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 508 шақырым жерде орналасқан", – делінген хабарламада.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтарға баспана беру тәртібі өзгерді