Аптап ыстық: Алматыда жазда 40 градус ыстық болады

27.03.2025 17:07

Cиноптиктер нөсер жауын жаууы мүмкін екенін де болжап отыр

chuttersnap-TSgwbumanuE-unsplash

«Қазгидромет» өкілі Алматыда биыл жаз қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Биыл жазда күн аса қатты ыстық болмайды. Дегенмен кейбір күндері ауа температурасы + 33 + 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, кейде тіпті + 40 градусқа дейін баруы ықтимал", - деді «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Сондай-ақ синоптиктер нөсер жауын жаууы мүмкін екенін де болжап отыр.

"Ұзақ уақыт күн ашық әрі жауын-шашынсыз болуы да мүмкін, - деп нақтылады Аружан Мұратова.

Сонымен қатар синоптиктер сәуірдегі орташа температура +13,1 градус болады деп болжайды, бұл қалыпты нормадан бір градусқа жоғары. Жауын-шашынның жалпы мөлшері де нормадан асады (112 мм). Сәуір айының басында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

Айдың басында көктайғақ болады деп болжанып отыр, ал желдің жылдамыдығы 15-20 м/с болмақ.

Еске салайық, бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат