Астанада ауа райына байланысты қанша рейс кешіктіріліп жатыр

10.03.2025 14:01

Қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды

John McArthur/unsplash.com

Ауа райының нашарлауына байланысты Астана халықаралық әуежайында әуе рейстері кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта ұшуға жоспарланған 84 рейстің 6-ы, әуе кемелерінің кеш келуіне байланысты, кейінге қалдырылды.

Ұшып келуге жоспарланған 86 рейстің 8-і дәл осы себеппен кешіктірілді.

Кешігулердің көп бөлігі ұшуға қолайсыз ауа райына байланысты.

"Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында перрон мен ұшу-қону жолағын тазалау жұмыстары үнемі жүргізіледі. Әуеайлақтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін 23 дана мамандандырылған техника пайдаланылады", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан әйел адам көз жұмды