Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

16.03.2025 09:46

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады

Jörg Reichelt / Unsplash

Синоптиктер 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

 «Атлантикалық циклон және фронтальды бөлімдер арқылы ҚР батысында, солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Елдің шығысында, оңтүстігінде антициклон сілемі әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейіп, көктайғақ болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, жолдар көктайғақ болады, жел түнде 3-8, күндіз 9-14, екпіні 15-18 м/с болады, ауа температурасы түнде -5...-7°С, күндіз +4...+6°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +13...+15°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +18...+20°C.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +17...+19°C.

Ақтөбеде бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +6...+8°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +16...+18°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, қар жауады, тұман түседі, жолдар көктайғақ болады, 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -10...-12°C, күндіз 0...+2°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +13...+15°C.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр, қар, көктайғақ, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +3...+5°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +18...+20°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -11...-13°C, күндіз 0...+2°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр, көктайғақ, кей уақытта тұман түседі, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -1...+1°C, күндіз +3...+5°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -12...-14°C, күндіз 0...+2°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +13...+15°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, күндіз +15...+17°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +18...+20°C.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр, тұман, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +12...+14°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -17...-19°C, күндіз 0...+2°C.

Оқи отырыңыз: Алматыда 17-23 наурыз аралығында ауа райы қандай болады