Ауа райы: бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Mahesh Mahendrakar / Unsplash
Mahesh Mahendrakar / Unsplash

Еліміз бойынша жел соғып, кей өңірде найзағай ойнайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Синоптиктер 23 наурыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Аlmaty.tv "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

«Фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты елдің  басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын болып, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде, солтүстікте түнде қар жауады», - делінген хабарламада.

ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта-тұман, солтүстікте, шығыста көктайғақ, оңтүстікте найзағай болады. Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жауады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жолдар көктайғақ, түнде жел 1-6 м/с, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -9...-11°C, күндіз 0...+2°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, күннің соңында аздаған жаңбыр жауады, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +22...+24°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +21...+23°C.

Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +10...+12°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +5...+7°C.

Атырауда күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +9...+11°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +3...+5°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жолдар көктайғақ болады, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз 0…+2°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C, күндіз +3...+5°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +10...+12°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -6...-8°C, күндіз +3...+5°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жолдар көктайғақ, түнде жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз +1...+3°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

Талдықорғанда күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел 5-10, екпіні 14 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +15...+17°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +18...+20°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-5°C, күндіз +5...+7°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

Оқи отырыңыз: Алматыда 24-30 наурыз аралығында ауа райы қандай болады

Новости партнеров