Ауа райы болжамы: бүгін еліміздің кей өңірінде қар жауады

19.04.2025 09:26

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

Tunafish / Unsplash

Синоптиктер 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын қалыптасады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, елдің шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Тек ҚР батысы мен орталығына антициклон жотасы әсер ететін болады – жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман, республиканың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.

Түнде Алматы облысының шығысы мен тау бөктерлі аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.

Астанада құбылмалы бұлтты, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар). Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы.

Алматыда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, түнде екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 13-15 градус жылы.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 18-20 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында түнде 1-3 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ, күндіз облыстың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с жетеді. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда 21-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болады