Биылғы жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады

16.04.2025 09:45

Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдау қажет

Ethan Robertson/unsplash.com/

Синоптиктердің болжамынша, биылғы жаз өткен жылдармен салыстырғанда ыстық болады. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазгидрометтің болжамы бойынша, биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алу және жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық жауынгерлік дайындыққа келтіруі қажет», - деді Нысанбаев Үкімет отырысында.

Министрдің ақпаратынша, жыл басынан бері еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 га құрайтын 32 орман өрті тіркелген.

Оқи отырыңыз: Алматыда 14-20 сәуір аралығында ауа райы қандай болады