Жексенбіге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктер 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Атлантикалық антициклон әлі де ҚР көп бөлігінің ауа райын анықтайтын болады, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Елдің солтүстігінде, шығысында фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жаууы мүмкін, оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр), оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.
ҚР бойынша тұман, жел күшейіп, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Қызылорда облысының орталығында, шығысында көктайғақ, тұман болады. Қызылордада да кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Павлодар облысының орталығында, оңтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні -15-20 м/с. Павлодарда да күндіз батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Петропавлда да тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында соққан желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Көкшетауда да тұман болады.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі.
Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанайда тұман болады.
Жетісу облысының солтүстік-шығысында, Алакөл көлдері ауданында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде және таңертең шығыста, облыстың таулы аудандарында тұман болады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 10-16 ақпан аралығында ауа райы қандай болады