Бүгін Қазақстанның қай өңірлерінде күн ашық болады

26.04.2025 09:27

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады

Foto: Mira Baibek

Синоптиктер 26 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Антициклон жотасы әсерінен әлі де Қазақстанның шығысы, оңтүстігі мен орталығында айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады. Еліміздің қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктер тұрақсыз ауа райын қалыптастырады –  найзағай ойнап, батыс аймақтарда қатты жаңбыр жауады, ҚР батысы мен солтүстігінде бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, еліміздің батысы мен шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 3 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында,  шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +25...+27°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +22...+24°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +29...+31°C.

Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +21...+23°C.

Атырауда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +23...+25°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12, екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, жел жылдамдығы 7-12, екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +24...+26°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +23...+25°C.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +23...+25°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +35...+37°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +27...+29°C.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел жылдамдығы 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +22...+24°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +25...+27°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +25...+27°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +27...+29°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +32...+34°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +24...+26°C болады.

Оқи отырыңыз: “Ертіс орманының“ бұрынғы директоры ұзақ жылға сотталды