Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

27.04.2025 09:23

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады

Foto: Mira Baibek

Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына Батыс циклоны әсер етеді найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ҚР солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады, батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін», - делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғып, оңтүстік-шығысында, түнгі және таңғы сағаттарда батыста тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады сақталады, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болады.

Астанада құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +25...+27°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C.

Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменді несімен тәнті етті

Ақтауда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +23...+25°C.

Атырауда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде жел 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +21...+23°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, күндіз екпіні 16 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +28...+30°C.

Қарағандыда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +26...+28°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +20...+22°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +27...+29°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C.

Қызылордада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, түнде екпіні 17 м/с. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +32...+34°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +21...+23°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +16...+18°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +29...+31°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +28...+30°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+23°C.

Түркістан қаласында құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C.

Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауады, таңертең тұман түседі, жел 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +16...+18°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +27...+29°C.

Оқи отырыңыз: Алматыда 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында ауа райы қандай болады