Ақпан – жылдың ең құбылмалы айларының бірі
Қазгидрометтің хабарлауынша, ақпан айында республика аумағында екпінді жел, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақпан – жылдың ең құбылмалы айларының бірі. Бұл ай ауа температурасының күрт өзгеруімен сипатталады.
Ақпанның басында солтүстік-батыс циклонының әсерінен жауын-шашынды бұлтты ауа райы – қар, жылбысқы қар, жаңбыр, елдің солтүстік жартысында бұрқасын болжанады. Республиканың басым бөлігінде ақпанның алғашқы күндерінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі:
Елдің шығысы мен орталығында температураның негізгі фоны түнде -12-20°С, күндіз 0,-8°С дейін жылуы мүмкін.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында Салехард аудандарынан суық антициклонның әсерінен Қазақстанда ауа температурасының төмендеуі мүмкін:
Ақпанның екінші және үшінші онкүндіктерінде консультативтік болжамға сәйкес, аязды күндер жылы күндермен алмасады, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, яғни жаңбыр, қар болуы мүмкін.
Суық антициклонның енуіне байланысты қарқынды суық толқынды күндері ауа температурасы төмендейді:
Ал циклондық белсенділік кезеңінде ауа температурасының Қазақстанның солтүстік жартысында күндіз -5+3°С дейін, елдің оңтүстік жартысында және оңтүстік-батысында күндіз +5+15°С дейін жоғарылауы күтіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда 3-9 ақпан аралығында ауа райы қандай болады