Елімізде бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды

25.03.2025 11:50

Синоптиктердің болжауынша, кей аймақта шаңды дауыл болады

Osman Rana/unsplash.com

Ауа райына байланысты бірқатар аймақта дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Almaty.tv.

Синоптиктердің болжауынша, Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады.

Қостанай, Ақмола облыстарында тұман түседі.

Жамбыл облысында көктайғақ, жауын-шашын, жел болады.

Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облысында қатты жел соғады.

Ұлытау облысында жел соғып, тұман түседі.

Қарағанды ​​облысында көктайғақ болып, жел соғады.

Түркістан облысында найзағай ойнап, жел соғады.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады.

Жетісу облысында жауын-шашын, тұман, жел болады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 24-30 наурыз аралығында ауа райы қандай болады