Еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

24.04.2025 08:30

Қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп болжанған

Wolfgang Hasselmann/unsplash.com/

"Қазгидромет" РМК 2025 жылдың мамыр айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылғы мамырда алдын ала есептеулер бойынша және қалыптасқан метеорологиялық жағдайлар ескеріліп, мына өңірлерде орташа құрғақшылық болады деп болжануда:

  • Қостанай облысында Амангелді, Жангелді аудандарында және Арқалық қаласы маңында,
  • Батыс Қазақстан облысында Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Ақжайық аудандарында,
  • Ақтөбе облысында Шалқар ауданында,
  • Атырау облысында Құрманғазы және Исатай аудандарында,
  • Қарағанды облысында Ақтоғай және Шет аудандарында,
  • Алматы облысында Балқаш ауданында,
  • Жетісу облысында Алакөл ауданында,
  • Жамбыл облысында Мойынқұм ауданында,
  • Түркістан облысында Созақ ауданында,
  • Маңғыстау облысында Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия аудандарында,
  • Қызылорда облысында Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары және Қызылорда қаласында.

Елдің қалған аумағында ылғалдандыру шарттары нормаға жақын болады деп болжанған. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланады.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер Қазақстанда үсік жүретінін ескертті