Еліміздің кейбір өңірінде жол ашылды

17.12.2024 11:22

Бұл аралық күн райына байланысты жабылып, барлық техникаға шектеу қойылған еді

MAKSIM ZAVIKTORIN/unsplash.com/

17 желтоқсанда таңертең Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының тасжолдарында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 желтоқсанда сағат 07:00-де Қостанай облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" автожолының 8-108 шақырымы аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін);
  • "Екатеринбург-Алматы" автожолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін).

17 желтоқсанда сағат 07:00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" автожолының 729-768 шақ. (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).
  • 17 желтоқсанда сағат 08:50-де Жамбыл облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды:

  • "Мерке-Шу-Бурылбайтал" автожолының 165-268 шақырымы (Бірлік ауылынан Бурылбайтал ауылына дейін).

Оқи отырыңыз: Алматы коммуналдық қызметтері үлкен қардың салдарын жоюда