"ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райының нашарлауына байланысты 4 өңірде жол жабылғанын хабарлады
Қазақстанның бірқатар аймағында жауын-шашын мен қарлы боран болуы мүмкін. Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде 8 бен 18 градус арасында аяз болуы ықтимал. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста минус 5-12 градус шамасында. Ал Оңтүстік аймақтарда 5 градусқа дейін суытады.
"Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 26-27 ақпанда түнде оңтүстік-шығыс аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), таулы аймақтарда қар жауады. Желдің күшеюімен, қарлы боран соғып, көктайғақ болады. Елдің барлық аймақта тұман түсуі мүмкін", – деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.
Ал "ҚазАвтоЖол" өкілдері ауа райының нашарлауына байланысты 4 өңірде жол жабылғанын хабарлады. Көлік қозғалысына Ақмола, Жетісу, Қызылорда мен Солтүстік Қазақстан облысында шектеу қойылған. Мамандар ескертпелерге құлақ асып, алыс жолға шықпауды сұрайды.
Оқи отырыңыз: Қызылша: елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты