Жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуімен елдің көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін. Қатты жауын-шашын 27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында болады деп болжанып отыр.
«Республиканың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 26 сәуірге қараған түні Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус аяз күтіледі», - делінген ауа райы болжамында.
Температуралық фон:
Оқи отырыңыз: Алматыда 28 сәуір мен 4 мамыр аралығында ауа райы қандай болады